30 Қырқ 2020
Материал Б.Нысанбаев

Мектеп формасы

“Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мазмұндарын сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 16 ақпанда № 13085 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарда:
13-тармақ мынадай мәтінде жазылсын:
«13. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды»;

 

Атырау облыстық білім беру басқармасының 2018 жылғы 5 мамырдағы №15-4-10/423 санды хаты және аудандық білім бөлімінің 2018 жылғы 10 мамырдағы №05-04-01/518 санды хатын негізге ала отырып мектеп формасы жөнінде ата-аналар назарына толық жеткізілді, 2018-2019 оқу жылының қыркүйегінен бастап бірыңғай мектеп формасын (түсі қою қара-көк түрінде)  мектебіміздің барлық оқушылары сақтап отыр.